15:20 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Ерлан Сағадиев

Сағадиев Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді

© Photo : министерство образования и науки Казахстана
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

МГИМО-да халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасында 4-курста оқитын студент терезеден құлап кеткен еді

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев МГИМО терезесінен құлап, ауруханада көз жұмған қазақстандық студенттің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сағадиев тергеудің аяқталғанын күту қажет екенін айтты.

"Біз сыртқы істер министрлігімен жұмыс істейміз. Ең әуелі, тергеудің аяқталғанын күтіп, жағдайды түсініп алу қажет. Оның үстіне мемлекеттің бұл жағдайда не істейтінін сыртқы саяси ведомство анықтайды. Сондықтан білім министрлігі олармен бірге жұмыс істейді", — деді министр ОКҚ-дегі баспасөз мәслихатынан кейін. 

Еске салып өтсек, 13 сәуір күні 21 жастағы студент МГИМО терезесінен құлап кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, қазақстандық қыз 13 сәуірде Дағыстан тумасы — басқа бір оқу орнының студентімен сөйлесіп тұрған. Кей деректерде айтылғандай, екеуі қыз-жігіт болып жүріп жүрген көрінеді. Мәліметтердің біріне сүйенсек, екі жас бір-біріне дауыс көтеріп, жігіт терезені ашып, қызды итеріп жіберген. Жедел жәрдем зардап шеккен бойжеткенді ауруханаға жатқызды. Қыз көптеген жарақат алып, басына зақым келген.

Кейінірек Дағыстан тумасы қарама-қайшы түсініктеме беріп, қазақстандық студентпен болған оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды.

Кілт сөздер:
МГИМО, Мәскеуде қаза тапқан қыз, Ерлан Сағадиев
Загрузка...

Басты тақырып