Қоғам

Астанада Әбіш Кекілбаев атындағы аллея ашылады

Жазылу
"Астана Опера" опера және балет театрына қарама-қарсы учаскеде 250-ге тарта көшет отырғызылады

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Ертең "Ғашықтар" саябағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтеді. Кейіннен бұл аллеяға қоғам және мемлекет қайраткері, Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаевтың есімі беріледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кітап - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Маңғыстауда Әбіш Кекілбаев атындағы үлкен рухани орталық салынады

Экологиялық науқанға Ә.Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева, жазушының туған-туысқандары мен Кекілбаевтар отбасының дос-жарандары, өскелең ұрпақ өкілдері қатысады. Сонымен қатар, аллеяда "Есіл" ауданының әкімі Төлеген Закарьянов пен елорданың зиялы қауым өкілдері өз ағашын отырғызады деп жоспарлануда.

Осылайша, "Астана Опера" опера және балет театрына қарама-қарсы учаскеде қарағай, сібір шыршасы, қызыл шетен, ұсақ жапырақты шегіршін сияқты ағаштардың 250-ге тарта көшетін отырғызу жоспарланған.

Іс-шара сағат 10:00-де басталады.


Жаңалықтар
0