20:19 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Куат Найман Хамитов

Қуат Хамитов Әблязовке үндеу жасады

© Photo: официальная страница Куата Хамитова в соцсети
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
367622

"Найман" лақап атымен танымал аралас жекпе-жек шебері Әблязовті Қазақстанға қайтып оралуға шақырды

АСТАНА, 13 мамыр — Sputnik. Аралас жекпе-жек спортының майталманы қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов қашқын олигарх Мұхтар Әблязовке үндеу жариялады.

"Еуропада отырып алып, халықты өшіктіргенің жетер енді. Сен анда, халық мұнда. Көшеге шығып жатқандар да, ұсталып қалғандар да – отбасын асырау үшін жалақыға еңбек етіп жүрген қарапайым халық. Сен соншалық ақылды болсаң, тығылғанды қойып, елге орал, қиындық көріп жатқандармен бірге бол", —деп жазды Хамитов Instagram-дағы парақшасына.

Мұхтар Әблязов — БТА Банкінің бұрынғы басшысы, 2009 жылдан бері шетелде қашып жүр. Банктің қаржысын жымқырғаны үшін 2017 жылдың маусымында Алматыда сырттай 20 жылға сотталды. Экс-банкир келтірген шығынның жалпы сомасы 7,5 миллиард доллардан асады.  

Әблязов негізін қалаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылды. Еліміздің бірнеше өңірінде қозғалыстың белсенділеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Бейсенбі күні Астанада Еуропа одағы өкілдігі ғимаратының жанында "саяси тұтқындарды қолдау" мақсатында рұқсат етілмеген акция өтті. Полиция акцияға қатысушыларды ұстап әкетті.  


Загрузка...

Басты тақырып