22:19 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Назым Бишімбаева

Бишімбаевтың әйелі: Қуандық сотқа шағым айтқысы келеді

© Sputnik / Баубек Коныров
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Қуандық Бишімбаев арыз жазып қойыпты, бірақ сотта оқып бере ала ма – әлі белгісіз

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі күйеуімен соңғы рет қашан кездескенін айтты.

"Күйеуіммен дүйсенбі күні кездестім. Не айтайын? Уайымдап отыр. Шағымын жазып қойды, арызды толықтырады. Әлбетте, үмітін үзген жоқ. Тағдыры шешілгелі жатыр, әрине, олар сотқа шағым айтқысы келеді. Меніңше, сотталғандардың қай-қайсысына болсын отырысқа қатыспау ауыр тиеді. Ана жақта уайымдап отырған болар. Біреуді жіберіп, хабар беруге тырысамыз", — деді Назым Бишімбаева тілшілерге.

Астанада сәрсенбі күні Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот апелляциясы жүріп жатыр, алайда бұрынғы министрдің өзі сот залында жоқ. Қорғаушылар оның отырысқа қатысуын өтінді.

Назым Бишімбаева күйеуінің арызы қолында екенін айтты.

"Сот сотталғандарды шығару туралы өтінішті қанағаттандырса, шағымын өзі оқып береді. Рұқсат бермесе – мен оқимын", — дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаев бұдан бұрын он жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген болатын.
Кілт сөздер:
апелляция, арыз, Назым Бишімбаева, Қуандық Бишімбаев

Басты тақырыптар