22:22 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Астана банкі

"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Банктен ақша алып беру қызметін бүркемеленген алаяқтар карточка иесіне қатысты жеке мәліметті білуге тырысады

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. "Астана банкінің" клиенттеріне банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді жамылып, алаяқтық жасау жайттарының көбейіп кеткендігі ескертілді.

Банк клиенттерден мұқият болып, арандатуға жол бермеуді, сондай-ақ мұндай оқиғалар туралы хабар беруді сұрады.

"Алаяқтық жайттарының жиілеп кеткендігі туралы хабар бергіміз келеді: банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді бүркемеленген алаяқтар картаның иесіне қатысты мәліметтерді сұрайды, яғни нөмірі, пайдалану мерзімі және CVV-коды", — делінген банк хабарламасында.

Қаржы мекемесі атап өткендей, банк туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде көрсетілген: корпорациялық сайт, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар, сондай-ақ колл-центр.


Кілт сөздер:
клиенттер, алаяқтық, Астана банкі

Басты тақырыптар