Қоғам

Қазақстанда тұңғыш рет Құран кәрім басылып шықты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚұран, архивтегі сурет
Құран, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл басылымның басты ерекшелігі - аяттардың арабша мәтіні мен қазақша аудармасын тыңдауға мүмкіндік беретін QR-коды бар

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде алғаш рет Құран кітабы басылып шықты. 

Құран - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемге әйгілі актер рухани шөліркегенде Құран оқитынын мойындады

Бұл Құран кәрім Мәдина басылымына негізделе отырып дайындалған. Оқуға қолайлы болуы үшін, әсіресе, Құран оқуды жаңа бастағандарға жеңіл болуы үшін қарапайым шрифт таңдалған.

Бұл басылымның басты ерекшелігі сол — аяттардың арабша мәтіні мен қазақша аудармасын тыңдауға мүмкіндік беретін QR-код қызметі қолданылған. Нақтырақ айтқанда, смартфонға немесе планшетке Play Market-тен немесе Apple Store-дан кез келген QR-код reader программасын жүктеп алып, өзіңіз қалаған беттегі аяттың арабша-қазақша мәтінін тыңдауыңызға болады. Сол арқылы тілге қиын соғатын тұстарының қалай дұрыс оқылатынын үйреніп, тәжуидіңізді пысықтап аласыз. Сондай-ақ, аяттардың қазақша аудармасын тыңдау арқылы, Құранды түсініп оқуға мүмкіндік табасыз, деп жазады muslim.kz.

© Photo : http://muslim.kzҚазақстанда тұңғыш рет Құран кәрім басылып шықты
Қазақстанда тұңғыш рет Құран кәрім басылып шықты - Sputnik Қазақстан
Қазақстанда тұңғыш рет Құран кәрім басылып шықты
Жаңалықтар
0