00:14 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Аударыспақ

Қазақстанда өтетін қос Азия чемпионатының жүлде қоры белгілі болды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Теңге ілу мен аударыспақтан Азия чемпионаттарының жалпы жүлде қоры – 14 млн теңге

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Астанада 1-2 маусым аралығында теңге ілуден ІІ және аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қос Азия чемпионатын мәдениет және спорт министрлігі мен ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп өткізеді. Биыл чемпионатқа қатысуға ниет білдірген мемлекеттер, біздің қуанышымызға орай,  өте көп. Биылғы бәсекеде Қазақстанмен қатар Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа елдердің спортшылары бақ сынайды", — деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Министр аударыспақтан I Азия чемпионаты 2014 жылы Астанада, ал II Азия чемпионаты 2016 жылы Қытайда өткенін еске салды. Сондай-ақ, ол ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің өкілдері 1 маусымда басталатын Азия чемпионаттарының салтанатты ашылуына қатысу үшін Астанаға арнайы келетінін мәлімдеді.

"ЮНЕСКО аясында 2021 жылы ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылуы мүмкін алғашқы Олимпиаданы өткізуге лайық төрт мемлекеттің қатарында Қазақстан да бар. Сондықтан ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің өкілдері Астанадағы Азия чемпионаттарын тамашалаумен шектелмей, біздің елдегі ұлттық спорт жарыстарының ұйымдастырылуы мен насихатталуын, жалпы Астананың спорт саласындағы ерекшелігін көруге арнайы келе жатыр. Егер екі Азия чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылса, ЮНЕСКО өкілдерінің көңілінен шығып жатса, онда 2021 жылы ұлттық спорт түрлерінен алғашқы Олимпиада ойындарын Астанада өткізуге барлық мүмкіндік бар", — деді Мұхамедиұлы. 

Сонымен қатар баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы президенті, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан дүбірлі додалардың жүлде қорын нақтылады.

"Онға жуық елден 50-ден астам спортшы келеді. Құрамалардың бәрін қосқан кезде, 100-ге тарта делегаттың қатысуы жоспарланып отыр. Бір қарағанда сіздерге аз болып көрінуі мүмкін, бірақ насихаты жаңа жасала бастаған теңге ілу мен аударыспақ үшін бұл үлкен нәтиже. Ұлттық спорттың насихатында жүлде қоры аз рөл ойнамайды. Былтыр ат үстінде садақ тартудан халықаралық турнир болған кезде, Еуропаның біраз садақ тартқышы, мергендері санын соғып қалған еді. Өйткені біз бірінші орынға қомақты жүлде қойдық. Соның арқасында Қазақстан қандай да бір спорттық шара өткізейін десе, әсіресе ат үстінде садақ тарту спорты қатты дамыған елдердің спортшылары қазір Қазақстанға келуге жұлқынып тұр. Сондықтан осындай нәрселерді ескере келе, біз жүлде қорына 14 миллион теңге қойып отырмыз", — деді Тілеухан.

Кілт сөздер:
ұлттық спорт түрлері, аударыспақтан Азия чемпионаты, Мәдениет және спорт министрлігі, Бекболат Тілеухан, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана
Загрузка...

Басты тақырып