00:04 24 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Түлектер

Астаналық түлектер соңғы қоңырауда аспанға шар ұшырмайтын болды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Осы жылы елорданың 5329 түлегі ҰБТ тапсырады

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Биыл Астанада 5870 оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшпақ. Олардың 90%-ы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты білім басқармасына сілтеме жасап. 

"11 сыныпты тәмамдайтын оқушылардың дені – № 48 бен № 75 мектептерде.   Әрқайсысында 164 түлектен бар, ал № 64 мектепті 160 оқушы аяқтамақ. Айта кетсек, қалалықтардың сұрауы бойынша мектептерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шарлар ұшырылмайтын болды", — делінген сайттағы хабарламада. 

Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 5329 оқушы (90,7 %) ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Олардың 3293-і сынақты – қазақ тілінде, 2030-ы –орыс тілінде және алтауы (3 түлек – Спектрум мектебі, № 8, № 4 және № 77 мектептерінің түлектері) ағылшын тілінде тапсырады. Елорда түлектерінің 277-сі "Алтын белгіден",  318-і ерекше үлгілі аттестаттан үмітті. 

Айта кетсек, ҰБТ 3 университеттің базасында ұйымдастырылады: 

— Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

— С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;

— Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Астанада ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Өткізу уақыты: сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін. Аттестаттарды тапсыру салтанаты барлық мектепте 15 маусымға жоспарланған. "Алтын белгі" иегерлеріне құрмет көрсету мақсатында өтетін "Елорда мақтанышы"  кеші маусымның соңына белгіленді.


Загрузка...

Басты тақырып