15:53 19 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.14
  • EUR428.18
  • RUB6.06
Баланың қолы, архивтегі фото

Астанада 3 жасар балаға менингит дертіне шалдықты деген диагноз қойылды

© AP Photo / John Locher
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандағы менингит індеті (17)
170 0 0

Қазіргі уақытта лабараторияларда зерттеулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik.  Астана қалалық балалар инфекциялық ауруханасына алдын ала "менингококкты инфекция" деген диагнозбен 2014 жылы туған бала түсті, деп хабарлайды Елорда инфо қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

"Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы хабарлайды: 2018 жылдың 29 мамырында сағат 13:12 кезінде қалалық балалар инфекциялық ауруханасына 3,5 жастағы ұл бала түсті. Алдын ала диагноз қойылды: менингококтық инфекция, генерализди форма (генерализованная форма). Менингит + Менингококцемия", — делінген хабарламада.  

Қазіргі уақытта лабараторияларда зерттеулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Нақты диагноз бактериологиялық және серологиялық зерттеулер аяқталған соң қойылады. 

Қазір баланың жағдайы өте ауыр, қалыпты. Емдеуді диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес алып жатыр.

Жалпы қала бойынша эпидемиологиялық ахуал қалыпты, балалар арасында менингококкты инфекциямен ауыру фактісі тіркелмеді. Барлық   қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылып жатыр.


Тақырып:
Қазақстандағы менингит індеті (17)
Загрузка...

Басты тақырып