Қоғам

Министр KADEX көрмесінде көз жұмған адам туралы: ол өзі кінәлі

© Sputnik / Болат ШайхиновКАDEX-2018 көрмесі
КАDEX-2018 көрмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 мамырда KADEX-2018 көрмесі аумағында қатты желден стенд құлап, ер адам қаза тапқан еді

АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов KADEX-2018 көрмесіндегі адам өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр ер адамның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. 

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
KADEX көрмесіндегі адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Ол күні мамандарға арналған арнайы күн еді. Қызметкерлердің барлығы павильондарда болды, бұл күн келушілер келетін күн емес еді. Ол адам орталық қақпа арқылы өтпеген, өткізу бекетінде тіркелмеген", — деді Атамқұлов мәжіліс кулуарында. 

Министр тергеу органдары ер адамның көрмеге қалай кіргенін анықтап жатқанын мәлімдеді.

"Тергеу өтуі керек. Бұл өте сезімтал мәселе, кейбір жайттарды мен айта алмаймын. Ол өзі кінәлі, себебі рұқсатсыз кірген", — деді министр. 

Еске салып өтсек, 24 мамырда қатты желден көрмеде ақпараттық стенд құлап, көрмеге келген адамды басып қалды. Ер адамға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілгенмен, ол ауруханада көз жұмған.

V халықаралық "KADEX-2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі  23-26 мамыр аралығында Астанадағы халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында өтті. Көрме алғаш рет  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығымен ұйымдастырылған.


Жаңалықтар
0