Қоғам

Балиева: президент балалар омбудсмені болуды қашанға дейін сеніп тапсыратынын білмеймін

© Photo : Служба центральных коммуникацийЗағипа Балиева
Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар құқығы жөніндегі уәкілінің мәліметінше, соңғы он жылда Қазақстанда бала өлімі екі есеге төмендеген

АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ҚР Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында 2017 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысы маған бала құқығы жөніндегі уәкіл болуды қашанға дейін сеніп тапсыратынын білмеймін, бірақ алда бұл лауазымға келетіндерде ұйымдасқан институт болады деген үміттемін. Мен өз еркіммен жұмыс істеп жүрген адаммын, еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдарға алғыс айтқым келеді, олар болмаса, жалғыз өзімнің қолымнан келмес еді",- деді Балиева. 

Балалар омбудсменінің айтуынша, шетелдік серіктестер Қазақстандағы балалардың құқығын қорғауға жоғары баға береді, аталған институттың дамуы турасында да оң пікірде.

Балиеваның мәліметінше, соңғы он жылда Қазақстанда балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші әжептәуір төмендеген. Десек те, жағдай әлі де алаңдатарлық. 2008 жылы әртүрлі себеппен 10129 бала көз жұмса, 2017 жылы  5 355 баланың өмірі қиылған.

Жаңалықтар
0