11:39 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Түрме күзетшісі, архивтегі фото

Өмір бойына сотталған Челах пен Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

© AFP 2019 / JAY DIRECTO
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
654310

Қазақстандағы өмір бойына сотталғандарға арналған колония халыққа "Қара бүркіт" деген атаумен белгілі. Онда шекарашы Владислав Челах, алматылық "мерген" Руслан Күлекбаев пен ақтөбелік террористер жазасын өтеп жатыр

АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. УК-161/3 мекемесі немесе өмір бойына сотталғандарға арналған "Қара бүркіт" колониясы Қостанай облысындағы тақыр даланың ортасында, Жітіқара қаласына жақын маңдағы жалғыз төбеде орналасқан. 

Өмір бойына сотталғандарға және өлім жазасына кесілгендерге арналған Қазақстандағы жалғыз түрмеге бөгде адамдар оңайшылықпен кіре алмайды. Нысанның жабық болуы өз алдына, сотталғандардың өзі де баспасөзден көріне бергісі келмейді.   

Дегенмен жантүршігерлік қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар бұл түрменің қабырғасында мемлекеттің қамқорлығынан тыс қалмаған. Sputnik "Қара бүркіттің" тұтқындары қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтады.    

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, бүгінде УК-161/3 мекемесінде өмір бойына сотталған 100-ге тарта адам жазасын өтеп жатыр.  

Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес барлығына бірдей жағдай жасалған.  

"Олар күн тәртібіне сәйкес екі сағатқа жуық серуендейді, қалған уақытын камерада өткізеді. Сонымен қатар сотталғандарға еңбек етуге қажетті жағдай жасалады, сондай-ақ білім алуға,  көркемөнермен айналысуға мүмкіндік берілген", — деп жауап берді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов Sputnik жолдаған сауалға.  

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 12-бабы сотталушылардың діни сенім бостандығына кепілдік береді. Сотталушылар мен олардың туыстарының өтініші бойынша колонияға Қазақстанда тіркелген барлық конфессиялардың діни қызметкерін шақыруға болады.

Колонияға діни экстремистер де түсетіні белгілі – олардың арасында 2016 жылдың шілдесінде Алматыда он адамды өлтірген Руслан Күлекбаев, 2016 жылдың маусымында Ақтөбеде теракт жасап, сегіз адамның өмірін қиған қылмыскерлер бар. Олармен тұрақты түрде теологиялық оңалту жұмысы жүргізіліп тұрады, ол үшін білікті мамандар тартылып жатыр. 

Сондай-ақ колонияда 15 адамды өлтірген шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатыр. 2012 жылдың мамырында ол "Арқанкерген" шекара бекетінде өзінің 14 қызметтесі мен заставаға көрші тұратын қорықшыны атып тастаған болатын.   

"Сот үкімінен соң және екі жылға жуық түрмеде отырғаннан кейін сотталушылардың көбісі өз ісіне өкінеді", — деп атап өтті Төремұратов. 

Жазасын өтеушілердің көптеген туысы колония басшылығынан түрмеге БАҚ-ты кіргізбеуді сұрап жатады және олардың өтінішінен бас тартуға мекеме әкімшілігінің құқы жоқ.    


Загрузка...

Басты тақырып