03:01 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Қартаң әйелдің қолы, архивтегі фото

Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей бейнеүндеу жариялады

CC0 / Free-Photos
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
191901

Қазақстандық дипломаттар Қытайда ұсталған екі этникалық қазақты елге қайтарды

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап. 

2 маусымда Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы уағдаластықтардың арқасында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген 90 жастағы этникалық қазақ Қазақстанға қайтып оралды.

"Кейуана мен оның ұлы осы жылдың 29 мамырында Бейжіңде көші-қон заңнамасын бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін ұсталған болатын. Кейіннен анықталғандай, әжей мен оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған. Елшілік қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу байланысқа шықты. Белгілі болғандай, қазақстандықтар қос азаматтық үшін ұсталған", — деп жазды Жайнақов фейсбуктегі парақшасында. 

Қытай тарапы мен Қазақстан елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандарға тез арада Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжат және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау ресімделді.

Қазақстанға оралғаннан кейін кейуана ақ батасын беріп, бейнеүндеу жариялады.

Загрузка...

Басты тақырып