12:41 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Вакцина - рекадр

Біртанов менингит туралы: инфекция бізге бағынбайды

© Sputnik / Игорь Зарембо
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандағы менингит індеті (17)
101 0 0

Жыл басынан бері Қазақстанда 58 адам менингитпен ауруханаға түсті, оның ішінде 12 адам қайтыс болды

АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингитке қарсы вакцина егу әркімнің өз қалауы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында менингитке қатысты ақпарат берген Біртанов халықты дүрлікпеуге шақырды. 

"Бүгінде иммундау жөніндегі ұлттық комитет вакцинация жүргізудің қажеті жоқ деген шешім шығарды. Біз сол шешімді сіздерге жеткізіп жатырмыз. Бірақ медициналық мекемелерде арнайы вакцина бар, азаматтар қаласа, екпе салдыра алды", — деді министр. 

Біртанов менингит жұқтырып алған науқасқа, өкінішке қарай, ешқандай көмек болмайтынын атап өтті.  

"Инфекция жыл сайын тарайды, бұл өте қауіпті жұқпалы ауру. Десек те, менингит өршіп барады деп дабыл қағудың қажеті жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", — деген министр инфекция ешкімге бағынбайтынын айтты.  

"Инфекция бізге, мемлекетке бағынбайды. Бұл адамдар арасында таралатын жұқпалы дерт. Қазір біз инфекция жұқтырғандар саны азаяды деп айта алмаймыз. Өйткені оның азаюы бізге емес, инфекцияға байланысты",- деді ол. 

Ведомство басшысы азаматтарға халық көп жиналатын орындарға уақытша бармауға кеңес берді.  

Айта кетсек, жыл басынан бері республикада 58 адам менингитпен тіркелді, оның арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. 12 адам аталған аурудан көз жұмды, олардың ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Тақырып:
Қазақстандағы менингит індеті (17)
Загрузка...

Басты тақырып