11:56 20 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.09
  • EUR407.37
  • RUB5.93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандағы менингит індеті (17)
51 0 0

Алматы қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті төтенше жағдай қызметкерінің қаза болғанын растады

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik.  Алматыда менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен 27 жастағы өрт сөндіруші Олжас Сүлейменов көз жұмды.  

Sputnik Қазақстанға марқұмның туған ағасы Ерболат хабарлағандай, Олжас кеше түнде жан тапсырған.

"Әлі растаған жоқ. Оның дене қызуы көтеріліп, құсты, денесінде бөртпе пайда болды. Таңертең ауруханаға жатқызылды. Денесі мәйітханада, бізге әзірге берген жоқ", — деді марқұмның ағасы.

Алматы қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті төтенше жағдай қызметкерінің қаза болғанын растады.  

Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жыл басынан бері республикада 58 адам менингитке шалдыққанын айтқан болатын, оның арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Аталған аурудан 12 адам көз жұмды, олардың ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі балалар.
Өңірлер арасында менингит жұқтырғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр – 32 адам, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе – 3, Алматы облысында – 4, ШҚО – 4, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында – 1, Павлодар – 2, ОҚО  мен Астанада – 4.

Тақырып:
Қазақстандағы менингит індеті (17)
Загрузка...

Басты тақырып