Қоғам

1 шілдеден бастап қанша адам базалық зейнетақыны толық алатыны белгілі болды

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуҚарт адам базардан азық-түлік сатып алып жатыр, архивтегі фото
Қарт адам базардан азық-түлік сатып алып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері қайта есептеледі

АСТАНА, 4 маусым— Sputnik. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова базалық зейнетақыны төлеу тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда базалық зейнетақы алатын 2 миллион 148 мың зейнеткер бар. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Шілдеден бастап зейнетақы көбейеді. Қалайша?

"Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 проценті, яғни 15 мың 274 теңге төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2 пайыз үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56 процентін алатын болады. Егер еңбек өтілі 28 жылды құраса, күнкөріс деңгейінің 90 пайызына жуықтайды", — деді Жақыпова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол 1 шілдеден бастап республикадағы 2 миллион зейнеткердің қаншасы базалық зейнетақыны 100 пайыз көлемінде алатынын айтты. 

"Бүгінде 2 миллион 148 мың адамның 44,5 проценті ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алатын болады. Абсолютті мәнде айтсақ, 940 мыңға тарта зейнеткерге 28 284 теңге төленеді. Тағы 43-44%-ы, яғни 931 мыңы  74 пайыздан 90 пайызға дейін алады. Тек 120 мың зейнеткер ғана күнкөріс деңгейінің 54 процентін алады. Себебі бұл азаматтардың еңбек өтілі 10 жылдан кем", — деп нақтылады министр орынбасары.


Жаңалықтар
0