Қоғам

Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап қанша теңге алатынын біле алады

© Photo : Пресс-служба правительства для гражданЗейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15 маусымнан бастап базалық зейнетақы алатындар электронды үкімет сервисі арқылы анықтама-есеппен таныса алады

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. Қазақстанда базалық зейнетақыны тағайындау тәртібін өзгерту және автоматты түрде қайта есептеу бойынша жұмыс аяқталды. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қарт адам базардан азық-түлік сатып алып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
1 шілдеден бастап қанша адам базалық зейнетақыны толық алатыны белгілі болды

"2 148 000 зейнеткер үшін төлем қажеттілігі анықталды. Республикалық бюджеттік комиссия бұл мақсатқа 530 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырып отыр. 2018 жылдың 15 маусымынан бастап базалық зейнетақы алатындар электронды үкімет сервисі арқылы анықтама-есеппен таныса алады. Яғни олар 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны қандай көлемде алатынын біле алады", — деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Жақыпова базалық зейнетақыны қайта есептеу кезінде министрлік әр зейнеткердің зейнетақы ісін қарағанын атап өтті. Сондықтан, зейнеткерлерге алаңдауға еш себеп жоқ деп сендірді ол.

"Әр зейнеткердің барлық зейнетақы ісін толығымен қарап шықтық. Ынтымақты зейнетақы бойынша еңбек өтілінің барлық жылын электронды форматта есептеп шығардық. Оған қоса, төлем жүйесінен зейнетақы жарнасын аудару кезеңдері алынды. Олар орталықтандырылған мәліметтер базасында бар. Автоматты есептеуді қысқа мерзім ішінде жүргіздік", —деді ол. 

Айта кетсек, осы жылдың 1 шілдесінен мемлекеттік базалық зейнетақы жаңа тәртіппен төленеді. Барлық зейнет жасына толған азаматтарға мемлекет бюджеттен төлеп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.

Жаңалықтар
0