03:34 21 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.16
  • EUR406.18
  • RUB5.90
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандағы менингит індеті (17)
205 0 0

Белгісіз біреулер мессенджерлер арқылы менингитке қарсы антибиотик терапиясын жүргізуге шақырады

АСТАНА, 5 маусым  — Sputnik. Алматының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Айзат Молдағасымова қазақстандықтарды денсаулық сақтау мекемелері таратқан ресми деректерге ғана сүйенуге шақырады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Оның айтуынша, WhatsApp арқылы бір әйел менингитке қарсы антибиотик терапиясын балаларға жүргізуге кеңес береді.

"Алматының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ақпаратты теріске шығарады және әлеуметтік желілер арқылы алынған дәйексіз ақпараттарға сенбеуді сұрайды. Антибиотик терапиясын науқаспен байланысқандар ғана дәрігерлердің бақылауымен алады. Денсаулық сақтау мекемелері мен органдары бұқаралық ақпарат арқылы таратқан ресми деректерге ғана сүйенулеріңізді сұраймын", — деді Айзат Молдағасымова аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Соңғы деректер бойынша, Алматыда  менингококк жұқпасын жұқтырды деген күдікпен 48 адам тіркелген, оның 32-сінде диагноз расталды. Тағы 17 сараптама әлі талданып жатыр. Менингиттен қалада 6 адам қайтыс болды. Эпидемиологиялық тергеу жүргізу барысында дерттің 96 ошағы табылды.

Барлығы 3692 адам тексеріліп, 2 731-інде нәтижесі теріс болып шықты, 955 сынама бойынша қорытынды кейінірек шығады. 10 жұқпа тасушы анықталды.

Тақырып:
Қазақстандағы менингит індеті (17)
Кілт сөздер:
жалған ақпарат, менингит індеті, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып