Қоғам

Қазақстанда қандай мамандыққа грант көп бөлінді?

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау саласы мен жаратылыстану ғылымдары мамандықтарына грант көп бөлінген

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ЖОО-ларда білім гранты бөлінген мамандықтар тізімін жариялады.

Дания Еспаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар жоғары ұпай жинап, оқуға түсе алмаған түлектерге грант беруді сұрайды

2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген. 

Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға көп грант бөлінгендігін атап өткен жөн. Оның ішінде, "Техникалық ғылымдар мен технологиялар" бағыты бойынша алты мың грант бөлінген. "Білім беру" саласына – 8 мың грант.

Сонымен бірге, грант көп бөлінген мамандықтар қатарында: "Денсаулық сақтау" (2 500), "Жаратылыстану ғылымдары" (3 161), "Ауыл шаруашылығы" (2 мыңдай), "Әлеуметтік ғылымдар"(1495), "Гуманитарлық ғылымдар" (1355).

Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

Жаңалықтар
0