Қоғам

Астанада менингит жұқтырды деген күдікпен тағы екі адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЖедел жәрдемнің архивтегі фотосы
Жедел жәрдемнің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жансақтау бөлімінде жатқан 33 жастағы ер адамның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Астанада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды. 

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекшин: менингит жұқтырған 3 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Сәрсенбі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 33 жастағы ер адам түсті. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

Сондай-ақ, ауруханаға "Менингококк инфекциясы. Менингококцемия" диагнозымен 38 жастағы әйел де түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты. Қазір тексеріс жүргізілуде, әйел аурухананың бейінді бөлімшесінде. 

"Екі науқастың да диагнозы әлі нақты емес. Соңғы диагноз барлық зертханалық зерттеуден кейін қойылады", — деп мәлімдеді Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Еске сала кетсек, бұған дейін елорданың балалар жұқпалы аурулар ауруханасына екі бүлдіршін түскен болатын. 

Қазақстанда жыл басынан бері менингиттен 13 адам көз жұмды, оның алтауы – 14 жасқа дейінгі балалар. Инфекция жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың басым бөлігі Алматыда тіркеліп отыр.

Жаңалықтар
0