Қоғам

Мың түннен де артық Қадір түні

© AFP 2024 / Haidar Hamdani Мешіт
Мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемнің барша мұсылманы биыл мамырдың сегізінен тоғызына қараған түні ұйықтамай, Жаратушыға сыйынумен өткізеді

Мұсылмандардың діни сенімі бойынша, бұл түні Жебірейіл періште жерге түсіп, Мұхаммед пайғамбарға Құран кітабының алғашқы жолдары жіберілген, сол себепті мың түннен де артық – Қадір түні деп дәріптеледі.

Әдетте, Қадір түні қаза етілген намаздар оқылып, Қасиетті Құран кітабы оқылады, өткен күн мен айлардың қателіктері сараланады, өкпе-реніш кешіріліп, келешекке жоспар құрылады. Қасиетті Қадір түні оқылған намаз мың ай немесе 83 жыл оқыған намазбен тең.

Мешіт имамдарының кеңесіне сүйенсек, бұл күні түс кезінде ептеп көз шырымын алып, ауызашар кезінде тойып тамақ ішпеген жөн. Қасиетті түні дұғалардың қысқа тізімін әзірлеген жөн. 

Бұдан бөлек, бірнеше шектеулерді сақтау қажет. Ішімдік ішуден бас тартып, Қадір түнін ойын-сауық орындарында емес, үйде немесе мешітте өткізген абзал. Өсек айтып, ғайбат сөйлеуге, ұрысуға болмайды. Көңіл көтеретін фильмдер мен бағдарламалар көрмей, тыныштықта отырып, маңызды жайттарды ойлану керек.

Жаңалықтар
0