Қоғам

Енді жұмыспен қамту орталықтарында жалақы адам санына қарай төленеді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуЖұмыспен қамту орталығына келушілердің архивтегі фотосы
Жұмыспен қамту орталығына келушілердің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің жалақы мөлшері қанша адамды жұмысқа орналастырғанына байланысты болмақ

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформаламақ. Бұл туралы бүгін вице-министр Нұржан Әлтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұржан Әлтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әлтаев: жаңа ақпарат ресурсының арқасында 20 мыңдай адам жұмыс тапты

Әлтаев жыл басынан бері министрлік жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, азаматтарды жұмыспен қамтуға жеке секторды, жекеменшік агенттіктерді көбірек тартқан жөн. 

"Тек мемлекеттің ақшасымен бұл проблеманы шешуге тырыспау керек. Әлемнің дамыған елдері жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін, жекеменшік еңбек биржаларын пайдаланады. Яғни жұмыспен қамту мәселелеріне жеке секторды көбірек тартқысы келеді. Біз де биыл осы жолмен жүруге бел будық. Жуырда ғана президент жұмыспен қамту мәселелері туралы заңға қол қойды. Онда біз мынадай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерін еңбекақы төлеу тәртібін өзгерттік", — деді Әлтаев электронды еңбек биржасында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, егер бұрын жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері белгіленген жалақы алып келсе, енді олардың еңбекақысы қанша адамды жұмысқа орналастырғанына байланысты төленеді. 

Дөңгелек жөндеу шеберханасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Солтүстікке көшкен адамды жұмысқа алған кәсіпорынға миллион теңге төленеді

"Белгіленген жалақы кезінде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері біреуді жұмысқа орналастыруға аса қатты мүдделі болмайтын. Қанша адамға жұмыс тауып берсе де, сол ай сайынғы жалақыны алады. Биыл біз мұны өзгертіп отырмыз. Енді жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің еңбекақысы мен сол орталықтың бюджеті жұмысқа орналастырған адам санына тікелей тәуелді болады. Мәселен, бес адамды жұмысқа орналастырса, сол бес адам үшін қосымша ақша алады. Жұмыспен қамту орталықтарын осылай реформалап жатырмыз", — деген ол жұмысқа орналастырған әр азамат үшін қанша теңге төленетіні әлі есептеліп жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0