Қоғам

Назарбаев Қазақ ұлттық консерваториясының ректорын тағайындады

© Sputnik / Виктор ТолочкоҚаламсап, архивтегі фото
Қаламсап, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арман Жүдебаев бұған дейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халықтық аспаптар оркестрінің бас дирижері болған

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арман Жүдебаевты Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Руслан Еңсебаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қаржы министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысының өкімімен оқу орнын бұған дейін басқарған Жәния Әубәкірова қызметінен босатылған еді. 

Арман Жүдебаев 2009-2013 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда Халық музыкасы мен Дирижерлік кафедраларында оқытушы болып жұмыс істеді, сонымен қатар студенттік оркестрді басқарды.

2012 жылы аға оқытушы болды. 2013 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халықтық аспаптар оркестрінің бас дирижері болды. 


Жаңалықтар
0