21:43 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
Кісеннің архивтегі фотосы

Қазақстанда жоғары лауазымды дипломат ұсталды

© AP Photo / J Pat Carter
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
918 0 0

Шенеунік үш қызметкердің заңсыз әрекетін жасырғаны үшін ірі көлемде материалдық сыйақы алды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 10 миллион теңге (30 мың доллар) көлемінде пара алды деген күдікпен Қазақстан сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевті ұстады. 

"ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы Анарбек Қарашевтың ірі көлемде пара алғаны әшкереленді. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, ол министрлікке бағынышты ведомстволық ұйымдардың басшылары Сәкенованың, Нұрекенов және Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырған. Сол үшін Қарашев олардан жүйелі түрде 10 миллион теңгеден астам заңсыз сыйақы алып келген", — деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жаxин Астанадағы брифингте. 

Ұлттық бюро қызметкерлерінің анықтауынша, шенеуніктер министрлік үшін қызмет көрсетуге шарттар жасағаны және оларды кедергісіз қабылдағаны үшін кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам пара алған.   


Загрузка...

Басты тақырыптар