Қоғам

Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновӘзірет Сұлтан мешіті
Әзірет Сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Біз ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жаратуға шақырды

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Нұр Астана мешіті - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстанда азанның дауысына шағымданатындар көбейген

"Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айы – рухани жаңарудың символы. Бұл кезде адамдар мейірімділік, ізгілік, татулық пен келісім сияқты бірегей құндылықтарға бет бұрып, әркім өзінің әрекеті мен  өзгелерге қарым-қатынасын қайта бір саралайды", — деп Ақорданың сайты президенттің сөзінен үзінді келтірген. 

Мемлекет басшысы рухани жаңарып, жаңғыруға талпыну бәріміз үшін маңызды екенін және ол қазіргі қазақстандық қоғам алдындағы міндеттерге неғұрлым сай келетінін атап өткен. 

"Біз ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып, адамдарды өздерін жетілдіруге және үндестікте өмір сүруге бастап келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жарата білуіміз керек", — деді президент.   

Оның пайымынша, осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.

"Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда. Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!", — деп түйіндеді Назарбаев. 


Жаңалықтар
0