21:10 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
247 0 0

Қазақстанның Стамбулдағы консулы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Қазақстандық әйел Стамбул әуежайында жадынан айырылды, көмекке мұқтаж, деп жазады оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде.

Қолданушылардың сөзіне сүйенсек, Светлана Чернышова Стамбулдан Бішкекке ұшуы тиіс болатын.

"Отбасыммен бірге 11 маусымда сағат 9:00 кезінде Түркия әуежайынан көрдім, мінез-құлқы бір түрлі болды, бірдеңе ұшыраған сияқты, жартылай жадынан айырылған. Ұшағы 1:00-де ұшып кеткен екен, жүгі де сонда кетті", — деп жазады куәгер.

Бастапқы деректер бойынша, 41 жастағы әйелдің тұрақты мекенжайы Жамбыл облысында.

"Стамбулдың билік өкілдері тұлғаның қалада екенін растады. Қазақстанның Стамбулдағы консулы істің мән-жайын анықтауға аттанған. Әйелдің Қазақстан азаматы екеніне көз жеткізуі тиіс", — деп мәлімет берді ҚР сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстанға.

Куәгердің айтуынша, әйел адамды әуежайдан жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен.

Кілт сөздер:
жадынан айырылды, жолаушы әйел, әуежай, Стамбул
Загрузка...

Басты тақырып