15:05 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
240801

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бас жоспар білім және ғылым министрлігінің кінәсінен әлі бекітілмей отырғанын айтып шағымданды

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында баяндаманы тыңдамай, өз бетімен отыратын министрлерді сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында Алматы агломерациясын дамыту мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша оңтүстіктегі мегаполис басшысы Бауыржан Байбек баяндама жасады. Қала әкімі білім және ғылым министрлігінің жайбасарлығынан бас жоспарды бекіте алмай отырғанын айтып шағымданды. 

"Бас жоспарға өзгерістер енгізу бойынша. Екі жылдан астам уақыт сейсмикалық микроаудандарға бөлу картасы әзірленуде. Бірақ ол білім және ғылым министрлігі тарапынан әлі қарастырылып жатыр. Бас жоспарды біз осыған байланысты бекіте алмай отырмыз. Білім және ғылым министрлігіндегі әріптестер тарапынан мәселені тездетуді сұраймыз", — деді әкім.

"Сіздер келіскенше, қыс түседі". Сағынтаев Қасымбекті сынға алды >>

Байбектің баяндамасынан кейін үкімет басшысы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен осы мәселеге қатысты жауап беруді сұрады. 

"Ерлан Кенжеғалиұлы, жауап беріңіз. Не себепті кешеуілдеп жатыр? Әкім баяндамасында қаулы жобасы келісуден өтпей жатыр деп айтып өтті, — деді Сағынтаев министрге қарап.

Алайда Сағадиев мырза баяндаманы тыңдамаған болуы керек,  Сағынтаевтың не сұрап отырғанын да түсінбей, жан-жағына жалтақтады.  

"Баяндаманы тыңдамайсыз ғой… Жарайды, баяндама кім үшін айтылып отыр сонда? Үкіметте не үшін талқылауға саламыз, егер де оның бәрін тыңдамайтын болса", — деп ашуланды Сағынтаев.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев"Айтпады демеңіздер". Сағынтаев министрлерге соңғы ескерту жасады >>

Журналистер үкімет отырысынан кейін білім министрінен Алматы әкімінің баяндамасын неге тыңдамағанын сұрады. 

"Кітап оқып отырған едім. 6-сыныптың оқулығы, жаңадан шыққан дүниежүзі тарихы", — деп жауап берген Сағадиев Байбектің көтерген мәселесі биыл шешілетінін атап өтті.

Кілт сөздер:
үкімет отырысы, Ерлан Сағадиев, Бақытжан Сағынтаев
Загрузка...

Басты тақырып