Қоғам

Ертең – ҰБТ. Министрлік соңғы жаңалықтарды жария етті

© Sputnik / Болат ШайхиновОқушылар, архивтегі фото
Оқушылар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Биыл 102 447 оқушы сынақ тапсыруға өтініш берген

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ басталуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, биылғы жаңашылдықтарды жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Түлектердің 75 проценті ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады 

Тестілеуге қатысушылардың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-2018: Талапкер мен ата-ана білуі тиіс ең басты бес жаңалық

"Биыл 102 447 мың түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Оның ішінде 77 223 оқушы қазақ тілінде, яғни 75,4%-і,  25 178 түлек – орыс тілінде, 24,6%, 46-сы ағылшын тілінде тапсырады", — деді ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов.

ҰБТ 167 пункте өтеді, оның 48-і жоғары оқу орындарының базасында, үшеуі – колледжде, 116-сы орта мектептерде орналасқан. ҰБТ өткізу кезінде 1206 аудитория жұмылдырылады. Барлық аудитория 100 процент дайын. Бейнекамералармен, ұялы телефон байланысын басатын құрылғылармен, металл детекторлармен жабдықталған. 

ҰБТ форматы еш өзгерген жоқ, бес пәннен тұрады. Үшеуі – міндетті, екеуі таңдау пәні. Барлығы 120 сұрақ, түлектер үшін 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады.

ҰБТ 3 сағат 50 минутқа созылады.

Аппеляция беру тәртібі өзгермейді  

ҰБТ өткізу технологиясының сақталуын бақылау үшін өңірлерге білім және ғылым министрлігінің 1815 өкілі жіберілді. Сондай-ақ жергілікті жерлерде мемллекетік комиссиялар құрылуда, олардың саны – 1002 адам. Республикалық аппеляциялық комиссияның құрамына 55 адам кіреді. Жергілікті аппеляциялық комиссияның құрамы өткен жылмен салыстырғанда 1500 адамға ұлғайып, 5010 адамды құрап отыр. 

"Жергілікті жерлердегі комиссиялар қандай да бір жағдай туындаса, оның жылдам шешілуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз", — деді Әлімқұлов. 

Апелляция беру тәртібі де өзгермейді. Яғни, келесі күні сағат 13.00 дейін әр түлек аппеляция беруге құқылы. Жергілікті аппеляциялық комиссия мақұлдаған жағдайда, материалдар республикалық комиссияға жолданады. 

Рамазан Әлімқұлов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ бойынша апелляцияға қашан өтініш беру керек?

Алғаш рет Call-орталық жұмыс істейді

Биыл алғаш рет Call-орталық іске қосылды. Нөмірі 8-800-080-71-77. 

Жылдам ақпарат алмасып, туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі. 

"Жергілікті атқарушы органдар шалғай елді мекендерде тұратын түлектерді ҰБТ пунктеріне жеткізуге, тамақ, үй-жаймен қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, ҰБТ барысын бақылағысы келетін ата-аналарға да жағдайы жасауы тиіс", — деді Әлімқұлов. 

Тестілеу нәтижесін Telegram-нан білуге болады

Тестілеу нәтижесін бұрынғыдай Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады. Сонымен қатар биыл Telegram көмегімен де білуге мүмкіндік бар. Ол үшін әр түлек өзінің жеке кодын (ИКТ,индивидуальный код тестируемого) енгізуі шарт", — деп түсіндірді білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов. 

Telegram-каналдың атауын бүгін кешке білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан қарап алуға болады. 

Сонымен қатар, тестілеу нәтижелері mail.kz сайтына да шығады. Мұнда да әр түлек өзінің жеке кодын енгізуі керек.

Ирина Смирнова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар мұғалімдерді ҰБТ процесінен босатуды сұрады

"Ешкімді шешіндіріп тексермейміз" 

"Егер металл рамкадан өткен кезде, арнайы сигнал шықса, онда комиссия екі-үш рет өткізіп, тексеруге құқылы. Бірақ ҰБТ тапсыратын түлектерді біз ешқашан шешіндіріп тексерген емеспіз, шешіндірмейміз де. Бұған үзілді-кесілді тыйым салынған", — деді министрлік өкілі. 

Димаш, Головкин туралы туралы сұрақ бола ма?

Білім және ғылым министрлігі биыл тестілеу сұрақтарында шоу-бизнес өкілдері туралы сұрақтар болмайтынына сендірді. 

"Біріншіден, министр осындай сұрақтар болады деп  уәде берген жоқ. Екіншіден, ҰБТ-да оқу сауаттылығы деген пән бар, яғни оқушы мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беруі керек. Осыған байланысты, онда тарихи тұлғаларға қатысты үзінді болуы мүмкін, бірақ, жалпы, биыл шоу-бизнес өкілдері кездесетін мәтіндерді қолданған жоқпыз. Барлық тест сұрағы мектеп бағдарламасы аясында", — деді Әлімқұлов.


Жаңалықтар
0