03:56 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Бала жолдан өтейін деп тұр

Білім министрлігі оқушылардың сөмкесiн қалай жеңiлдетіп жатыр?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
67110

Ата-ана баласына кiтаптарды планшетке жүктеп бере алады немесе қағаз оқулықтарды ғана пайдалануға болады

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ҚР бiлiм және ғылым вице-министрi Асхат Аймағамбетов оқушылар сөмкесiнiң салмағын жеңiлдету жолдарын айтып бердi, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тiлшiсi.

"Мен рюкзактың ауырлығы аса маңызды проблема екенiн өз басым жақсы бiлемiн. Осыған орай, қазiргi таңда Бiлiм және ғылым министрлiгi бiрқатар жүйелi шара қабылдады. Солардың бiрi – биылдан бастап шығатын оқулықтардың, мәселен 3,6,8 сыныптарға арналған жаңа кiтаптардың арнайы QR кодтарының болуы. Әр оқулықтың электронды нұсқасы болады. Яғни, оқушының ата-анасы ұялы телефон немесе басқа құрылғы арқылы  электронды кiтапты осы QR код арқылы жүктей алады. Ата-анасы баласына кiтаптарды планшетке жүктеп бере алады немесе қағаз оқулықтарды ғана пайдалануға да болады", — дедi Аймағамбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдiң айтуынша, қазiр БҒМ жергiлiктi атқарушы органдармен бiрге жұмыс iстеп жатыр. Атап айтсақ, мектептерде бастауыш сыныптарға арналған шағын шкафтардың санын көбейту бойынша жұмыс атқарылуда. 

"Бұл жұмысты 1,5-2 жыл бұрын бастап кеттiк. Қазiр осы салада айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жергiлiктi атқарушы органдар бұған қаржы бөлiп келедi. Биыл да қомақты қаржы қарастырылды. Осылайша, мектептер шағын шкафтармен жабдықталып жатыр. Балалар бұл шкафтарда кiтаптары, ауыстыратын аяқ-киiмдерi мен басқа да заттарын қалдырып кете алады. Сондай-ақ бiз оқулықтардың формасы мен форматы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оқулықтардың салмағына қойылатын талаптар бойынша бiз Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрiгiп жұмыс істеп жатырмыз. Қазiр "оқулық салмағы белгiлi бiр грамнан аспасын" деген талаптар бар. Ал бiздiң халықаралық тәжiрибеге сүйенiп айтарымыз "сөмкедегi барлық кiтаптың жалпы салмағына талап қою керек". Бiз осыған қатысты ұсыныс жiбердiк. Осы орайда, оқулықтардың сыртқы қабы жұқартылып, парақтарына салмағы жеңiлдеу қағаздар қолданылмақ. Жалпы, оқушылар сөмкесiнiң салмағы мәселесiн ерекше бақылауда ұстап отырмыз", — дедi Аймағамбетов.


Загрузка...

Басты тақырып