Қоғам

Танымал қазақстандық режиссер шетелде ұсталды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматының не үшін ұсталғаны әлі белгісіз

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев Иранда ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев Sputnik агенттігіне хабарлаған.

"Қанат Бейсекеевтің Иранда ұсталғанын растаймын. Кеше ғой деймін. Бүкіл құралын тәркілеген сияқты: коптер, хардтар, компьютер", — деп хабарлады Елікбаев.

Ол түсіндіріп өткендей, Бейсекеев Иранда қазақтар туралы деректі фильм түсіріп жатқан. Бұған дейін сол мақсатта Монғолия мен Өзбекстанға барып қайтыпты. Ол жақта полицияға қатысты ешқандай қиындық болмаған, дейді Елікбаев.

 

Публикация от kana (@beisekeyev) 8 Апр 2018 в 11:00 PDT

 

Қанат Бейсекеев – қазақстандық режиссер-документалист, сценарист, оператор. Оның жұмыстары арасында америкалықтар асырап алған қазақстандық балалар туралы "Бала" фильмі,  "Билегім келеді" атты аяғынан айырылған қазақстандық биші туралы фильм бар.

Қазақ қызы түскен "Айка" фильмі прокатқа күзде шығады>>

Қазақ режиссері жапондармен бірлесіп фильм түсіреді>>

Жаңалықтар
0