19:48 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
ғалымдар, архив

Ақылды және ұзақ өмір сүретін адамдар қай айда дүниеге келетіні анықталды

© Sputnik / Виталий Аньков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12438 0 0

Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, ең ақылды және ең ұзақ өмір сүретіндер қай айда туатынын анықтап көруге болады

АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ғалымдар астрологияға және адамның туған күні мен айы оның тағдырына ықпал етеді дегенге үзілді-кесілді қарсы. Дегенмен, қыста туғандар ұзақ өмір сүреді, күзде өмірге келген балалар мектепте жақсы оқиды, ал жазда дүние келгендер спортта үлкен жетістіктерге жетіп жүр. 

Бірқатар зерттеудің қорытындысы бойынша осындай шешімге келуге болады. Мәселен, адамның туған айы оның өмір сүру ұзақтығына ықпал етуі мүмкін. Күз бен қыста өмірге келгендер өзгелерден ұзағырақ өмір сүреді. Чикаго университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі осыны көрсеткен. Олар Чикагода 1880 мен 1895 жылдар аралығында туған 1500 адамның мәліметтеріне талдау жасапты. 

Бремен университетінің профессоры Александр Лерчлдың зерттеуіне сенсек, қазан мен желтоқсан аралығында туған немістер мамыр мен маусым аралығында дүниеге келгендерден орташа алғанда ұзағырақ өмір сүреді. Әлемнің әр жеріндегі адамдардың өмір сұру ұзақтығын салыстырған Калифорния университетінің зерттеушілері де осындай қорытындыға келген. Белгілі болғандай, австриялық және даниялық қариялар көбінесе қыркүйек пен желтоқсан аралығында, ал Австралияда көп жасаған адамдар наурыз бен маусым аралығында туады екен.

Ғалымдар қандай тамақтың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады>>

Бәлкім, мұны жүктілік кезіндегі әйелдің тамақтануымен түсіндіруге болатын шығар. Күз бен қыста туатын әйелдердің жүктілігі жеміс-жидек пен көкөніс көп жылы кезге дөп келеді. Нәтижесінде баланың бойында дұрыс тамақтану дағдысы қалыптасады. 

АҚШ-тың экономикалық зерттеулер ұлттық бюросының мәліметтеріне сүйенсек, ең ақылды және ыждаһатты балалар қыркүйекте дүниеге келеді. Зерттеушілер 6-15 жас аралығындағы бір миллионнан астам оқушының оқу үлгеріміне талдау жүргізген. Тамыз айында туған балалардың үлгерімі ең нашар екені анықталды. Ал қыркүйек айында туғандар мектепте жақсы баға алып қана қоймай, беделді колледждер мен университеттерге оқуға түседі екен. 

Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды>>

Данышпандық пен туған күннің арасындағы байланысты зерттегендер көп болды, бірақ ғалымдар нақты шешімге келе алған жоқ. Кейбіреулер ғалымдардың туған жылы мен оларға Нобель сыйлығының берілуін өзара байланыстырып көрді. Ал енді біреулері интеллект деңгейін адамның туған уақытымен байланыстыруға үзілді-кесілді қарсы. 

Ғалымдар адам өмірін 10 жылға ұзартатын бес құпияны ашты>>

Ғалымдар әжетхана қағазынан бас тартуға шақырды>>

30 күн бойы сұйықтықтан су ғана ішсе не болады?>>


Кілт сөздер:
астрология, ақылды, зерттеу, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып