Қоғам

"Қып-қызыл жала!". Қыдырәлі мен Қарақат өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды

Жазылу
Осыдан екі-үш күн бұрын белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада журналистермен кездесіп, жұлдызды жұпты "Алтын Орда" халықаралық қолөнершілер академиясының ғимаратын тартып алды деп айыптаған болатын

АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина жақын арада Ырза Тұрсынзадамен арадағы істің ақ-қарасын айтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әнші Қарақат - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қарақат жұбайына тоқал іздеуі туралы бар шындықты айтып берді

Еске сала кетсек, танымал қолөнерші Ырза Тұрсынзада Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаны он жылдан бері жалға алып отырған коттеджін тартып алды деп айыптаған еді. Айтуынша, әншілер "Алтын Орда" халықаралық қолөнершілер академиясының ғимаратын дизайнер іссапармен өңірлерді аралап жүргенде тартып алыпты.  

Қыдырәлі мен Қарақат Астанада коттеджді тартып алды деп айыпталып жатыр>>

"Мен талай адамды ол орталықта қолөнерге баулыдым. Сонымен қатар онда тегін шеберлік сағаттары өтетін студия орналасты, ұлтымыздың бірегей жәдігерлері сақталған. Біздің есігіміз әрдайым ашық еді. Әкімдік қызметкерлері қалаған уақытында келіп, кіре алатын. Кейін мен әкімдік қызметкерлерінен келісімшарттың Қыдырәлі Болманның қолына қалай түскенін сұрадым. Сөйтсем, келісімшарт "Айсұлтан ЛТД" компаниясымен жасалыпты. Ал сәуірде Алматы аудандық сотының сырттай шешімі негізінде есікті болгаркамен кесіп, еш ескертусіз кірген. Сот шешімі жазылған конвертті менің әріптесіме ұсынған. Жеке басқа қол сұғушылық болмау үшін, әріптесім бұл хатты ашпаған", — деген еді Тұрсынзада журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.

Ырза Тұрсынзада: халықтың тарихи тамыры мен дәстүрі шетелдік брендтерден мықты>>

Алайда, Қыдырәлі Болман әлеуметтік желіде Ырза Тұрсынзаданың сөздерін жоққа шығарып отыр.

"Құрметті БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары! Бізге қатысты шудың желі тез көтерілуде. Бұл қып-қызыл жала! Ішінде қаңбақ сөз де, ғайбат сөз де өте көп. Ырза Тұрсынзада апайымызбен арадағы істің ақ-қарасын ашық айтатын күн алыс емес", — деп жазды продюсер инстаграмдағы жеке парақшасында

Ол жақын арада журналистермен кездесіп, заңды құжаттар мен фактілер бойынша жауап беруді жоспарлап отырғанын айтты. 

"Өтетін орны мен уақыты толығырақ тағы xабарланады. Әзірге айтарым осы ғана", — деді ол.

Қыдырәлі Болманов карикатура жайлы: ер-азаматтың намысы – ең бірінші орында>>

Жаңалықтар
0