Қоғам

ҰБТ-дағы алғашқы 140 балл: ең жоғары нәтиже көрсеткен түлекке сыйлық беріледі

© Photo : предоставлено Наццентром тестирования Шиара Кудайбергенова
Шиара Кудайбергенова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының №123 мектеп-гимназиясының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 140 баллды Алматы қаласының түлегі жинады, деп хабарлайды Sputnik білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

емтихан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-2018: Ерекше шпаргалка жасаған түлек министрліктің қызығушылығын тудырды

"Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы, Алматы қаласының №123 мектеп-гимназиясының түлегі, ең жоғары балл жинады – 140. Шиара 25 маусымда Ұлттық аграрлық университет базасында тест тапсырған. Шиара мен оның ата-анасын, ұстаздарын құттықтаймыз", —делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Биыл мамыр айында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дан ең жоғары балл  жинаған алғашқы түлекке смартфон сыйлайтынын мәлімдеген. Бүгін орталық басшысы айтқан сөзінде тұратынын хабарлады.

Бозбала бойжеткенді іздеп жүр: ҰБТ кезінде ғашықтық хикаясы болды>>

"Орталық коммуникациялар қызметінде жұма күні сыйлықты табыс ету үшін қорытынды баспасөз мәслихатын өткізгіміз келеді. Біздің қызметкерлер қазір түлекпен хабарласып жатыр, мүмкіндік  болса, Астанада құттықтаймыз, болмаса, сыйлықты беріп жібереміз. Алматыдағы Ұлттық тестілеу орталығы өкілдері оны құттықтайды. Бүгін Есілден телефон сатып аламын. iPhone-ның қай моделі екенін әлі шешкен жоқпын, ең бастысы көңіл ғой. Түлектерге қолдау көрсетіп, жоғары жетістікке ұмтылуға сеп болады", – деді Ұлттық тестілеу орталығы  Рамазан Әлімқұлов Sputnik агенттігіне.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусымда басталған. ҰБТ-ны биыл 102 447 түлек тапсырады.

"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты>>

Бірінші күн. Түлектердің алғашқы легі ҰБТ-ны қалай тапсырып шықты?>>

Жаңалықтар
0