Қоғам

Астана күнінде қазақстандықтар қанша күн демалады?

© Sputnik / Болат ШайхиновАстананың келбеті
Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмыс күндерін ауыстыру жоспарланып отырған жоқ, демалыс күндерінің саны жұмыс аптасының ұзақтығына байланысты болады

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан тұрғындары алдағы Астана күнін тойлауға байланысты екі немесе үш күн демалады.

Астана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана күні: сотталғандар, қаңғыбастар мен мастардың тағдыры не болады?

Биыл мереке күні – 6 шілде жұмаға сәйкес келіп тұр. 

"Электронды үкімет" сайтында жарияланған меереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, одан кейінгі 7 және 8 шілде сенбі мен жексенбіге түседі. Яғни аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6,7 және 8 шілдеде демалады. 

Ал алты күн жұмыс істейтін азаматтарға 7 шілде жұмыс күні болып қалады, олар тек 6 және 8 шілдеде демалады. Жұмыс күндері ауыстырылмайды. 

Биыл Қазақстан елордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. 


Жаңалықтар
0