17:23 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Этноауыл

Астанада көшпенділер мәдениеті фестиваліне арналған баспасөз брифингі өтеді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
32 0 0

Астанада "Көшпенділер әлемі" атты халықаралық көшпенділер мәдениеті фестивалі өтеді

27 маусымда сағат 15.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Көшпенділер әлемі" атты халықаралық көшпенділер мәдениеті фестиваліне арналған баспасөз брифингі өтеді.

Этнофестиваль 30 маусым мен 1 шілде аралығында "Қазанат" ипподромы аумағында орналасқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешен жанындағы алаңда болады.

Астананың 20 жылдығы аясында өтетін фестивальде ортағасырлық батырлардың образы, жекпе-жектер, ат үстінде өнер көрсету және көшпенділер мәдениетінің тағы басқа элементтері халық назарына ұсынылады. 

Фестивальге Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Башқұртстан, Якутия, Қырғызстан және Қазақстан командалары қатысады.

Шара ұйымдастырушылары – Kazakh Tourism ҰҚ АҚ, ҚР мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша, Астана әкімдігінің қолдауымен.

Қатысушылар:

  • Тимур Дүйсенғалиев,  "Kazakh Tourism" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
  • Тилла мен Флора Торок,  Tilla Török Band музыкалық ұжымының әншілері, Венгрия;
  • Ерлен Оспанов, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті;
  • Әсел Әлішерова, "Сарбаз Рухы" тарихи-патриоттық тобының директоры;
  • Нұржан Алғашов, саяхатшы, блогер, Qazaq Geography ұлттық географиялық қоғамының мүшесі.

Спикерлер фестивальдің идеясы мен мақсаты, сонымен бірге жоспарланған айрықша қойылымдар туралы айтып береді.

Аккредитация бойынша келесі нөмірге хабарласыңыз: Райхан Жұбаева, +7 708 864 94 22 (2018  жылдың 27 маусымында 12.00-ге дейін). 

E-mail: dzhubaeva.r@gmail.com

Кілт сөздер:
этнофестиваль, ұлттық спорт түрлері, этноауыл, көшпенділер мәдениеті, "Көшпенділер әлемі" фестивалі
Загрузка...

Басты тақырып