20:11 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Автобус

Астананың автобустары кондукторсыз жүретін болады

© Sputnik / Евгений Самарин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
126 0 0

Астанада қоғамдық көлік жолақысы үшін жаңа тариф жүйесі енгізілмек

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Биыл шілде айының соңына дейін Астананың автобустарында бірде-бір кондуктор қалмайды, деп хабарлайды Sputnik.

Автобус жолақысы үшін тарифтердің өзгеруі туралы қоғамдық тыңдау кезінде "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов жаңа жүйе туралы айтып берді.

Оның сөзіне сүйенсек, жаңа жүйе бойынша автобуста кондуктор мүлдем болмауы тиіс.

Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді>>

"Бұдан былай автобустарда ұрыс-керіс, жанжал сияқты адами факторлар орын алмайды. Кондуктор болмауы тиіс. Көліктік қадағалау қызметі жұмыс істейді, яғни билетсіз жүргендерді парктердегі бақылау желілері анықтайды. Автобустарда кондукторлар болмайды", — деді Бекмырза Игенбердинов.

Қоғамдық көлікте кімдерге жеңілдік беріледі?

Компания басшысы атап өткендей, тарифтік саясат өзгерсе де, мәслихат бекіткен азаматтардың алты категориясы қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүреді. 

"Тарифті көтергелі жатқан жоқпыз, тек дифференциялаймыз, яғни қоғамдық көлікте жолақыны төлеудің әртүрлі формасын енгіземіз. Барлық автобуста валидатор бар. Валидатор істемесе, жолаушы тегін қатынауға құқылы. Қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі көлеңкелі айналымды барынша жоюға мүмкіндік береді ", — деп атап өтті Игенбердинов.

Көліктік картаны алғысы келмейтін жолаушылар жүргізушіден 180 теңгеге бір реттік билет сатып алады.

Қаулы жобасына сәйкес, қоғамдық көліктің жолақы тарифі дифференцияланады. Қалалық бағдарларда көліктік картамен жүру ақысы 90 теңге, ақшалай төлегенде – 180 теңге, ал экспресс бағдарлар үшін — 250 теңге.

Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, көліктік картаны сатып алу және толтыру үшін барлық мүмкіндіктер қамтамасыз етілгенде ғана дифференцияланған тариф енгізіледі. Астана LRT басшылығы мәлімдегендей, дифференцияланған тариф енгізілгенде көліктік картаға сұраныс күрт көбейсе, оны қанағаттандыруға мүмкіндік жеткілікті.

Атаулы көліктік карталар туралы

Қазір қалалық қоғамдық көлік жолаушыларының арасында 218 мыңнан астам иесі аталған көліктік картаны пайдаланушы адам бар. Көліктік картаны пайдаланбайтын елорда тұрғындары арнайы кассалардан сатып ала алады. Қалада барлығы 6 арнайы касса және 30 автомат бар.

Бұдан бөлек, дифференцияланған тариф енгізілгенге дейін көліктік карталарды Qiwi, Kaspi.kz терминалдары және интернет-банкинг арқылы толтыру мүмкіндігі пайда болады.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар  арасында қалалық қоғамдық кеңес пен саяси партиялар мүшелері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ қызметкерлері, әртүрлі мамандар мен қала азаматтары болды.

Кілт сөздер:
кондуктор, жолақы, тарифтер, қоғамдық көлік, автобус, Астана
Загрузка...

Басты тақырып