Қоғам

Назарбаев келмеді. Қырғауылдар торда қалды

© Sputnik / Айгюзель КадирЖурналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың "Жасыл белдеуге" келуін күтті
Журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың Жасыл белдеуге келуін күтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Журналистер Нұрсұлтан Назарбаевты Астананың төңірегіндегі "жасыл белдеуде"күтіп отырғанда қырғауылдар еркіндікке шығуға дайындалып жатты. Олардың да, өзгелердің де жоспары орындалмады

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Жұма күні таңертең тар торға қамалған қырғауылдар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келуін зарыға күтті: мемлекет басшысы Астананың төңірегіндегі Жасыл белдеуге келіп, қырғауылдарды ұшыруы тиіс болатын.      

Журналистер жол-жөнекей бірін-бірі өткен кәсіби мерекесімен құттықтай жүріп, мақаласына тақырып ойлап тауып үлгеріп еді.

© Sputnik / Айгөзел Қадыр Тар торға қамалған құстар президенттің келуін зарыға күтті
Тар торға қамалған құстар президенттің келуін зарыға күтті - Sputnik Қазақстан
Тар торға қамалған құстар президенттің келуін зарыға күтті

Қырғауылдардың бір дыбысы шыққан жоқ, еркіндіктің жақындағанын сезсе керек. 

Бірте-бірте аспанды бұлт жаба бастады, ал жастар еңбек жасақтарының сарбаздары мен "Астана Орманы" қызметкерлері  143 қайыңды отырғызуға дайындалды.  

Алайда жиналғандардың жоспарын елорданың құбылмалы ауа райы бұзды.   

Штатив көтерген операторлар мен диктофон ұстаған журналистер нөсер жауыннан бой тасалау үшін ыққа қарай жүгірді. Адамдардың дауысы қырғауылдардың тыныштығын бұзды. Оларға бүгін президенттің қолынан еркіндікке ұшу бұйырмаған екен. 150 қырғауыл "бұғаудан босатылады" деп жоспарланған болатын. 

Президент "Бейбарысқа" да келмеді

Осы уақытта "Бейбарыс" демалыс базасында да диктофон мен микрофон ұстаған журналистер президенттің сапарын күтіп отырды. Алайда мемлекет басшысының жоспары өзгерді.

© Sputnik / Айгөзел ҚадырЖастар еңбек жасақтарының сарбаздары мен "Астана Орманы" қызметкерлері 143 қайыңды отырғызуға дайындалды
Жастар еңбек жасақтарының сарбаздары мен Астана Орманы қызметкерлері 143 қайыңды отырғызуға дайындалды - Sputnik Қазақстан
Жастар еңбек жасақтарының сарбаздары мен "Астана Орманы" қызметкерлері 143 қайыңды отырғызуға дайындалды
 

Sputnik-ке президент баспасөз қызметінің маманы айтқандай, Назарбаевтың Ақордада кездесуі өтуі тиіс болған. Қанаттыларды босату шарасы басқа күнге дауыстырылды, деп толықтырды ол.  

Қырғауылдар Астананың орманына қашан жіберілетіні әзірге белгісіз.  


Жаңалықтар
0