Қоғам

София роботы Назарбаев туралы сұраққа жауап бере алмай, әбден "састы"

© Sputnik / Айгюзель КадирСофия роботы Астанада оқушылармен тілдесті
София роботы Астанада оқушылармен тілдесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
София роботы таяуда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, дегенмен мемлекет басшысы туралы сұрақ оны абдыратып қойды

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. София роботы Қазақстан президенті кім деген сұраққа жауап бере алмады. 

"Нақтырақ айтасыз ба?", — деді София одан мемлекет басшысы туралы алғаш рет сұрағанда.

Хакер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
19 жастағы алматылықтың өнертабысына Microsoft пен НАСА қызығушылық танытты

Сұрақ екінші рет қойылғаннан кейін залда тыныштық орнады. София жауап іздеді, бірақ таба алмады.  

"Атақты адамдардың бірі болса керек", — деді ол біраздан кейін.  

Қытайдың AngelVest венчурлық криптоқорының негізін салушы Дэвид Чен София сұраққа интернеттің көмегімен жауап беретінін түсіндірді.  

"Кібіртектеп қалуына желіге қосыла алмай қалуы себеп болуы мүмкін", — деді Чен.

Америкалық компания роботқа сальто жасауды үйретті>>

Сейсенбіде София Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің форумында сөз сөйледі, кейін оқушылармен тілдесті.  

Ол ауа райы, сүйікті түсі мен көңіл күйі туралы сұрақтарға оңай жауап берді, дегенмен күрделі сұрақтардан сүрініп кетті.  

Инвестор Дэвид Чен Софияны "қосардан" бұрын киборг туралы кеңірек әңгімелеп берді.  

Ченнің айтуынша, София Қазақстанның азаматтығын алудан бас тартпайды. Алдағы уақытта роботқа қазақ және орыс тілдерін үйрететін бағдарлама орнатылуы мүмкін, деп толықтырды ол.  

Құймақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда 2 минутта құймақ пісіріп беретін робот құрастырылды

Ол София мәңгі "өмір сүре алатынын" мәлімдеді. Чен Софияның әлемді басып аламын деген сөзі қалжың екенін ескертті.   

"Роботтарды адам жасайды. Демек, олар адамға қызмет етеді", — деді ол.

Софияның форумдағы жауаптары бағдарламаға енгізіліп қойған.   

"Қарапайым сұрақтарға жауап бере алады. Ол кішкентай бала сияқты, шамамен екі жаста", − деп атап өтті Чен.

Чен осы аптада София Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланып отыр.   

Жаңалықтар
0