10:55 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Жүкті әйел

"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1156 0 0

26 жастағы жүкті әйелдің көз жұмғанын Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Астананың бірінші перинатальдық орталығында тағы бір жас босанған әйел көз жұмды. Ақпаратты елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Камалжан Нәдіров растады. 

"Бірінші перинатальдық орталықта соңғы күндері үш адам көз жұмды. Үшінші трагедия екінші маусым күні сағат 18.25-те болды", — деп хабарлады ол.  

№1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Әубәкіровтың айтуынша, 26 жастағы әйел жүктілік кезеңінде қан кетуі салдарынан қайтыс болған.  

"Әйел бізге түскенде қан кетіп жатты. Кесарь тілігі арқылы босандырды. Бала аман, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Жүкті әйелдің өзінің денсаулығында проблема болған. 19 жастан жаман әдетке әуестенген. Күніне 25-30 темекі шеккен", — деді №1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары. 

Бұған дейін Астананың№ 1 перинаталды орталығында жаңа босанған екі ана көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаның бірі 21 маусымда, екіншісі 25 маусымда болған. Әйелдердің балалары тірі, алайда жан сақтау бөліміне түсті.

"Баланы құтқарыңыз". Астанада көз жұмған әйелдің күйеуі министрден көмек сұрады>> 


Загрузка...

Басты тақырып