Қоғам

Назарбаев Астана күніне жасалған сыйлықтар туралы айтты

© Sputnik / Медина КураковаАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Астанада әр өңірді еске салатын орындардың болғанын дұрыс деп санайды

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 20 жылдығына орай өңірлердің елордаға жасап жатқан сыйына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың инстаграмдағы ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Назарбаев қазір республиканың барлық өңірі дайындық жұмыстарына белсене атсалысып жатқанын атап өтті. 

"Қалаға бірдеңе сыйлағысы келеді: біреулері гүл бағын, енді бірі жаңа көше, біреуі мектеп, балабақша. Оларға үлкен рақметімді айтамын, өйткені бұл біздің Отанымыздың астанасы, барша қазақстандықтың елордасы. Сондықтан елордада әр өңірді еске салатын орындардың болғаны дұрыс. Оның үстіне, бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар жиналған", — деді Елбасы. 

 

 

Айта кетсек, биыл Қазақстан елорданың 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Жыл бойы Астанада түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып, шетелден қонақтар келеді. Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау үшін республикалық бюджеттен 19 миллиард теңге бөлінбек. Бұған қоса, еліміздің әр облысы елордаға сый жасайды.

Астана күнінде қазақстандықтар қанша күн демалады?>> 

Мәдениет министрлігі Роза Рымбаеваның мәлімдемесіне қатысты жауап берді>>

Жаңалықтар
0