21:07 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
124 0 0

Министрдің айтуынша, арнайы комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Шелек ауылындағы орталық аурухана аумағында қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Өкінішке қарай, үш адам қаза тапты. Біз марқұмдардың отбасына көңіл айтамыз. Жазатайым оқиғаның алдын ала себебі – кәріз газы қоспасынан улану", — деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Әбілқасымова оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. 

"Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу жүргізу мерзімі 10 күнді құрайды. Тергеу қорытындысы бойынша біз жазатайым оқиғаның себептері туралы хабарлайтын боламыз", — деді ол. 

Еске сала кетсек, 2 шілде күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының жергілікті ауруханасында төтенше жағдай болды. Кәріз құдығын тазалау кезінде құбыр жарылып, салдарынан үш адам газдан уланған. 1967 жылы туған сантехник оқиға орнында көз жұмды, 1969 жылғы сантехник пен 1988 жылы туған травматолог дәрігер жансақтау бөліміне түсіп, олар да кейінірек жан тапсырған.

Кілт сөздер:
Шелектегі оқиға, Мәдина Әбілқасымова
Загрузка...

Басты тақырып