04:40 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
452 0 0

"Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" атты іздеу тобы жоғалып кеткен Анна Чакиртованың туған-туыстарына жәрдемдесіп жатыр

АЛМАТЫ, 4 шілде — Sputnik. "Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" атты іздеу тобының еріктілері жоғалып кеткен Анна Чакиртованы іздеуге кірісті. Топ өкілі Ислам Угушевтың айтуынша, Чакиртоваға хабарласқан соңғы нөмір күдік туғызған екен.

"Телефонына осы нөмірден хабарласыпты. Кім екенін ешкім білмейді", – деді Угушев Sputnik агенттігіне.

Олар жоғалып кеткен әйелдің туыстарымен үнемі байланыста отыр екен. GetContact бағдарламасының көмегімен хабарласқан адамның аты анықталды, болжам бойынша, әйел адам.

"Дәйекті ақпарат әлі жоқ, тек қол ұшын беріп жатырмыз, жігіттерді қостым, топ болып жәрдемдесіп жатырмыз", — деді ол сөз соңында.

Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөлін кім сомдайды?>>

Анна Чакиртованың туыстары топқа өздері хабарласып, көмек сұраған.

"Томирис" фильмінің продюсері дүйсенбі күні кешкісін жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Телефонын зарядтауға қойып, үйінен шығып кеткен. Кеше туыстары полицияға хабар берді, продюсер әлі табылған жоқ.

Кілт сөздер:
іздеу шаралары, жұмбақ жағдай, із-түзсіз жоғалу, продюсер, "Томирис" фильмі, Анна Чакиртова
Загрузка...

Басты тақырып