13:40 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Кісен

Ресейлік қашқын 20 жыл бойы Қазақстанда жасырынып жүрген

© AP Photo / Dieu Nalio Chery
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Ресейлік алаяқ ұрланған құжаттармен Қазақстан азаматтығын алған

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Ресейдің әскери бөлімшесінен қашып кеткен сарбаз 20 жыл Қазақстанда жасырынып жүрген. Қостанай облысы полицейлері Денисов ауданының тұрғынын жалған құжат жасады деген күдікпен ұстады.

Тексеру көрсеткендей, ер адам біреудің төлқұжатын пайдаланып, соның көмегімен Қазақстан азаматтығын алған, республикада жиырма жылдай тұрыпты.

Ал Ресейдің тәртіп сақшылары 1997 жылы өз бетімен әскери бөлімшеден кетіп қалған сарбазды осы уақытқа дейін іздеп келген.

Тергеу барысында анықталған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіндік берген құжатты ер адам сол кездегі қызметтес сарбаздан ұрлап, жасатып алған екен.

Ұсталған ер адам Ресейге экстрадицияланды, тергеу жалғасып жатыр.

Жеті жыл қолға түспеген: Қазақстанға экстрадицияланған кім?>>

Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді>>

Кілт сөздер:
сарбаз, азаматты отанына экстрадициялау, жалған құжат, алаяқтық, қашқын, тәртіп сақшылары, Қостанай облысы, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып