Қоғам

Астаналықтардың назарына: Балалар гала-концертке кіргізілмейді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақ елі
Қазақ елі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық ІІД гала-концерт кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында қажетті шараларды қолға алды

АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астананың 20 жылдығына орай "Қазақ елі" монументі алаңында өтетін мерекелік гала-концертке 16 жасқа толмаған балалар мен кішкентай сәбиімен келген ата-аналар кіргізілмейді. 

Астананың ішкі істер департаменті жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында қажетті шараларды қолға алды. 

"Астананың Ішкі істер департаменті елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар аясында 16 жасқа толмаған азаматтардан "Қазақ елі" монументі алаңында өтетін гала-концертке бармауды, кішкентай сәбилері бар ата-аналардан концертке балаларын ертіп келмеуді сұрайды", — делінген елорда әкімінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ, ІІД көліктердің көптеп жиналуын, кептелісті болдырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көлікпен жүруге кеңес береді. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен гала-концертке баратындарды белгіленген орынға арнайы автобустар жеткізеді. 

Қоғамдық көліктер мына нысандарға аялдайды:

  1. "Жастар" сарайы (Республика даңғылынан)
  2. "Қазақстан" спорт сарайы (Қажымұқан көшесінен)
  3. Елорда циркінің Қорғалжын тас жолы көшесіндегі тұрағы
  4. Достық көшесіндегі "Нұр Астана" мешітінің тұрағы

Жол ақысы – 90 теңге, жол жүру билеттері – жарамсыз.

Астананың жиырма жылдығы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр

Сонымен қатар, "Қазақ елі" монументі алаңының ауданына қызмет көрсететін қалалық он бағдардың жұмысы түнгі сағат екіге дейін ұзартылды. 

Сондай-ақ, сағат 18:00-ден гала-концерттің соңына дейін М-1 көпірінен Аманжолов көшесінің аралығындағы Байтұрсынов көшесінде, Байтұрсынов пен Нәжімеденов көшелерінің аралығында жатқан Аманжолов көшесінде, М-3 көпірінен Аманжолов көшесіне дейінгі аралықта жатқан Нәжімеденов көшесінде, Қошқарбаев пен Нәжімеденов көшелерінің аралығындағы Тәуелсіздік даңғылында (қоғамдық көліктерден басқа) автокөлік қозғалысы шектеледі. 

Аталған ауданға баратын азаматтар қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн, деп кеңес берді ІІД.

Көлікті мына орындарға қоюға болады:

  • Оқушылар сарайының Б.Момышұлы даңғылындағы тұрағы
  • "Astana Music Hall" мейрамханасының Б. Момышұлы даңғылындағы тұрағы
  • "Нұр Астана" мешітінің Достық көшесіндегі тұрағы
  • "Жетісу" саябағының Сарайшық көшесіндегі тұрағы

Гала-концерт аяқталған соң, Астананың триатлон саябағы, Есіл өзені жағалауы, Нұржол желек жолы аумағынан мерекелік от шашуды тамашалауға болады.

Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?

Астананың 20 жылдығын атап өту туралы Sputnik материалдарынан оқыңыз

Жаңалықтар
0