Қоғам

Астанаға Назарбаевтың есімін беру қайта ұсынылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаВалентина Терешкова
Валентина Терешкова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорданы президенттің есімімен атау туралы идеяны бұл жолы тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкова ұсынды

АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Тұңғыш ғарышкер әйел, Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешкова қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтап, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.

Астананың жиырма жылдығы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр

"Астанадай тамаша қаланың тұрғындарын, бүкіл қазақстандықтарды осы бір айтулы күн – қаланың 20 жылдғымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев салған қала. Астана деп емес, президенттеріңіздің есімімен атау керек деп санаймын. Біз ол кісіні қатты жақсы көреміз, біздің президентіміз Владимир Владимирович Путин мен Нұрсұлтан Әбішұлының достық қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтамыз. Өте қуаныштымыз", — деді Терешкова Sputnik тілшісіне Мемлекеттік думаның Астанаға жұмыс сапары кезінде.

Астану вновь предложили назвать именем Назарбаева

2016 жылы қазақстандық депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің  25 жылдығы декларациясында елорданы Қазақстанның тұңғыш президенті есімімен атауды ұсынған болатын. Астананың атауын өзгертуге екі нұсқа болды: "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев". Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдамады.

Депутаттар Астанаға президенттің есімін беруді қайта ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсет Исекешов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев құрметіне аталған нысандар

2017 жылы наурызда парламент депутаттары тағы да Астананы Елбасының құрметіне атауды ұсынған. Алайда идея ол жолы да қолдау таппады.

Сол жылы желтоқсанда Тұңғыш президент күні қарсаңында Алматыда Фурманов көшесінің атауы өзгертіліп, есімі берілді.

Атап өтсек, Қазақстанда да, өзге елдерде де Елбасының есімімен аталған нысандар өте көп: Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті, Алматы тауларындағы Нұрсұлтан шыңы. 

Голландия мен Жапонияда қызғалдақтар мен хризантеманың жаңа түріне Қазақстан президентінің есімі берілген.

Түркияда да Елбасының беделі жоғары – бұл елде оның құрметіне ескерткіш тұрғызылып, төрт қаладағы даңғылдарға есімі берілген.

Сонымен бірге, Шешенстан астанасы Грозныйда Назарбаев атындағы лицей бар.

Алматыда Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі

Жаңалықтар
0