21:08 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1235 0 0

Жүргізушілердің ұйықтап кетуіне көліктің төмен жиілікті вибрациясы әсер етеді екен

АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Мельбурн корольдік технологиялық университетінің ғалымдары жүргізушілердің рөлде ұйықтап кетуіне автокөліктің төмен жиілікті вибрациясы себеп болатынын анықтады.

Ғалымдар 15 еріктімен көлік кабинасының арнайы симуляторында зерттеу жүргізген. Олардың кейбіреуіне төмен жиілікті вибрация (4-7 герц) әсер етсе, басқаларында еш өзгеріс болмаған. Сынақ кезінде зерттеушілер адамдардың жүрек ырғағын да бақылады. 

15 минуттан кейін вибрацияның әсеріне ұшырағандар есінеп, келіп, шаршай бастаған. Жарты сағаттан кейін ұйқышылдық пен шаршағандық дәрежесі одан сайын артса, ал бір сағаттан кейін жүрек ырғағы олардың ұйқыға кетіп бара жатқанын көрсеткен, деп жазады РИА Новости

Сондай-ақ, ғалымдар сынаққа қатысқандарға психологиялық және физикалық тұрғыдан қарапайым ақыл-ой тапсырмаларын орындау қиынға соққанын атап өтті.

Рөлде ұйықтап кеткен: көліктің адамдарды басып кеткені видеоға түсіп қалды

Ал басқа жиіліктегі вибрацияның әсерінен адамдар, керісінше сергек бола түскен. Ғалымдар  автокөлік жасаушылар бұл зерттеудің нәтижесіне сүйеніп, автоорындық конструкциясында вибрация факторын ескереді деген үмітте.

Тақырып бойынша

Қостанай облысында ер адам рөлде ұйықтап кетіп, фурамен соқтығысты
Алматыда жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, бағананы құлатты
Астанада рөлде ұйықтап қалған жүргізуші көшедегі көліктерді соққан
Кілт сөздер:
ұйқы қанбау, ғалымдар, жүргізушілер
Загрузка...

Басты тақырып