Қоғам

Астаналықтар гала-концертті қалай тамашалап жатыр?

© Sputnik / Жания УранкаеваКонцерт алдында
Концерт алдында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Астана күні мен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні

АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астана тұрғындары мен қонақтары "Қазақ елі" монументі алаңында елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік гала-концертті тамашалап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін Астананың туған күні, биыл елорда 20 жылдығын атап өтуде. Осыған орай "Қазақ елі" монументінің алаңында кешкі сағат сегізде гала-концерт басталды.

Қазақ елі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астаналықтардың назарына: Балалар гала-концертке кіргізілмейді

Мерекелік гала-концертке келген халықтың қарасы қалың. Еңбектеген жастан еңкейген кәріге дайын концерттен құр қалғысы келмегендей. 

Астананың ішкі істер департаменті жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 жасқа толмаған балалар мен кішкентай сәбиі бар ата-аналар алаңға кіргізілмейтінін хабарлаған еді. Алайда балаларын ерте келген тұрғындар қатары көп болған соң, ол ойынан айныған сыңайлы. Полицейлер барлығын жіті тексеріп, кіргізді. 

Алаң аумағында жедел жәрдем көліктерін де көзіміз шалды.

Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?

Көже, құрт, су, самса мен түрлі тәтті сатқан саудагерлердің де саудасы қызып тұр. 

Сахнада қазақ эстрадасының жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Ардақ Балажанова, "Бастау" тобы, Қарақат Әбілдина өнер көрсетті. Сондай-ақ 1998 жылы Қазақстанның жаңа астанасының ұлықтау рәсіміне қатысқан "На-На" тобы ән шырқап, Нұрсұлтан Назарбаевты 78 жасқа толуымен құттықтады.

Астананың жиырма жылдығы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр

Астаналықтардың мерекелік көңіл-күйіне аспанды торлаған қара бұлт пен сіркіреп тұрған жаңбыр да кедергі емес. Балалардан бастап үлкендерге дейін "кілем төселген" жерге жайғасып, LED-экраннан концерт тамашалап отыр. 

Гала-концертті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шет мемлекет басшыларымен бірге тамашалайды деп жоспарланған. 

"Қазақ елі" монументі алаңындағы мерекелік шара түнгі бірге дейін созылады. Сағат он бірге қарай отшашу болады деп күтілуде.

Айта кетелік, "Қазақ елі" монументі алаңының ауданына қызмет көрсететін қалалық он бағдардың жұмысы түнгі сағат екіге дейін ұзартылды. 

Астананың 20 жылдығын атап өту туралы Sputnik материалдарынан оқыңыз

Жаңалықтар
0