04:24 08 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Фото 360: Астана

Астана биіктіктен қалай көрінеді? Әкім сурет жариялады

© ST-Vision
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Астана жаңалықтары (89)
624 0 0

Суреттен бір уақытта Есілдің екі жағалауын да көруге болады

АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев жоғарыдан дрон арқылы 360 градуста түсірілген елорданың көзтартарлық фотосын жариялады. 

Суреттің авторлары – елордалық ST-Vision командасы. Фото Астананың Орталық саябағының жағалаудағы нүктелерінің бірінде түсіріліп, қаланы тұтас қамтыған. Суретті барлық жақтан "айналдыруға" болады. Оны мына жерден көруге болады.

Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?>> 

Айта кетейік, кеше Қазақстанның барлық өңірінде Астананың 20 жылдық мерейтойы аталып өтті. Астана тұрғындары мен қонақтары "Қазақ елі" монументі алаңында елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік гала-концертті тамашалады. Мерекелік гала-концертке келген халықтың қарасы қалың болды.

Астаналықтар гала-концертті қалай тамашалап жатыр?>> 

Сахнада қазақ эстрадасының жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Ардақ Балажанова, "Бастау" тобы, Қарақат Әбілдина өнер көрсетті. Сондай-ақ 1998 жылы Қазақстанның жаңа астанасының ұлықтау рәсіміне қатысқан "На-На" тобы ән шырқап, Нұрсұлтан Назарбаевты 78 жасқа толуымен құттықтады.  


Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)
Кілт сөздер:
Астана күні, сурет, Әсет Исекешев, Астана
Загрузка...

Басты тақырып