12:30 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
КАDEX-2018 халықаралық қару-жарақ көрмесі

"KADEX"-тегі кісі өлімі: Марқұмның отбасына неге көмек көрсетілмегені анықталды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қаза тапқан ер адамның отбасы ақша аударатын есепшотты әлі ұсынбаған

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов "KADEX" көрмесінде қаза тапқан ер адамның отбасына неге әлі көмек көрсетілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз ақша аудару үшін есепшот сұрадық. Алғаш болып көрменің оператор компаниясы сұрады, кейін министрлік жүгінді. Бірақ әлі күнге дейін ешқандай есепшот алған жоқпыз. Сондықтан біз қазір күтіп отырмыз", — деді Атамқұлов үкімет кулуарында. 

Еске сала кетсек, 24 мамырда Астанада өткен "KADEX-2018" көрмесі аумағында қатты желден стенд құлап, ер адам қаза тапқан еді. Ер адамға алғашқы көмек көрсетілгенмен, ол ауруханада көз жұмған. Құлаған жарнама конструкциясын "Астана Экспо КС" ЖШС компаниясы жалдаған мердігер орнатыпты.

KADEX-те көз жұмған ер адамның ұлы: министрдің сөзі есеңгіретіп тастады

Кілт сөздер:
KADEX, Бейбіт Атамқұлов
Загрузка...

Басты тақырып