00:22 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
ОҚО-ға сапарға барған Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Түркістан облысының әкімі Түймебаевқа қандай хат жазды?

© Foto : пресс-служба акимата ЮКО/Максат Шагырбаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
414 0 0

Назарбаев Түркістан облысының елордаға жасаған ерекше сыйы үшін облыс әкімі мен өңір тұрғындарына алғыс айтты

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен өңір халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа алғыс хатын жолдаған. 

"Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Түркістан облысының елордаға жасаған ерекше сыйы ел президентінің айрықша көңілінен шығып, Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген.

Тағы оқыңыз: Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?

Астанаға 20 жыл 

Таяуда Астананың 20 жылдығына орай, бірқатар облыстың атсалысуымен елордада жаңадан 56 шақырым веложол салынған болатын. 

"Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Есіл өзенінің жағалауынан Қонаев көшесіндегі көпірге дейінгі аралықта жүргізілген велосипед жолы Түркістан облысының атсалысуымен жүзеге асты. Бұл жол Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жол мен Ильинка кентінен "жасыл белдеу" арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдермен, тұрақтармен, wi-fi және телефонды қуаттау мүмкіндігі қарастырылған "ақылды инфрақұрылыммен" жабдықталған.

Назарбаевтың құттықтауы

Назарбаев құттықтау хатында Түймебаев пен Түркістан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен құттықтаған. 

"Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты. "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Түркістан облысы да елордаға ерекше сый жасады. Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады", — деп жазылған хатта. 

Назарбаев бұл велосипед жолағының саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді. 

"Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", — деген президент алғыс хатта

Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен болған әңгімені жайып салды

Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы туралы қызықты деректер

 

Кілт сөздер:
Жансейіт Түймебаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар